Қостанай облысында өндіріс жарақатын алғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Жыл басынан бері 114 қайғылы жағдай тіркеліп, 119 жұмысшы зардап шекті. Соның ішінде 16 оқиға адам өлімімен аяқталған. Ал, былтыр 99 оқыс оқиғаның нәтижесінде 104 еңбеккер жапа шегіп, 17 кісі жазатайым болды. Негізінен еңбек қауіпсіздігін өрескел бұзу тау-кен, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында жиі ұшырасады. Өндірістік жарақат алу бойынша Қостанай облысы республикада төртінші орында тұр.
Күләй Күлтаева, мемлекеттік еңбек инспекторы:
- Ұйымдардың және лауазымды тұлғаларға қатысты анықталған тәртіп бұзушылықтар бойынша 326 ұйғарым берілді, 241 айыппұл салынды. Көлемі 26 млн. теңгенің сыртында.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ