Алматыда «Назарбаев моделі» кітабының қазақша нұсқасының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Назарбаев моделі» кітабының қазақша нұсқасының тұсаукесері өтті

16.11.2017

Былтыр орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек – Президент әкімшілігі мен Елбасы кітапханасының бірлескен жобасы. Еңбек авторлары күрделі ішкі және сыртқы жағдайда даму жолына түскен жас мемлекетті басқарудың нәтижелі жүйесін «Назарбаев моделі» деп атайды. Жаңа форматта ерекше үлгімен шыққан кітапта Қазақ елінің ширек ғасырдағы мемлекеттік құрылысына талдау жасалған. Ғалымдардың айтуынша, жаңа еңбек экономикасы қарқынды дамуға бет алған мемлекеттердегі өзгерістер мен жаңғырулар тәжірибесіне қызығушылық танытатындар үшін пайдалы болмақ. 

Қазыбек Майгелдинов, Елбасы кітапханасы талдау орталығының аға ғылыми қызметкері:

- Бұл кітаптың тағы бір маңыздылығы -  сараптамалық негізде жазылып отыр. Әлемдік, ФИШ, МАККЕНЗИ, әлемдік МАН сияқты агенттіктердің негізгі дереккөздері қолданылған. Яғни, бұл кітаптың жан-жақтылығын көрсетіп отыр. Сондықтан, «Назарбаев моделі» кітабы жалпы, кең қауымға арналған.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу