Депутаттар кедендік рәсімдеу орталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар кедендік рәсімдеу орталығына барды

16.11.2017

Мәжіліс депутаттары «Астана – кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік бекетіне барды. Олар «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін енгізу бойынша шаралармен танысты. «Бұл жүйе ең алдымен жемқорлықтың алдын алады», - дейді депутаттар. Жаңа ақпараттық жүйе үнемі өзгерісті талап етеді. Сондықтан, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды кедендік ресімдеуді жеделдетуге, кедендік әкімшілікті жеңілдетуге және бизнестің әкімшілік кедергілерін азайтуға электронды декларация іске қосылмақ. 

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тауар елімізге келмей тұрып бір ғана құжат толтырылады. Тауар келіп, кәсіпкердің қолына түскенге дейін сол құжат жеткілікті болады. Бұл электрондық декларация, бұл жерде адамдардың қатысуы, лауазымы, тұлғалардың қатысуы шектеледі.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу