Депутаттар ХҚКО-тарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар ХҚКО-тарын аралады

16.11.2017

Бір терезе қағидаты бойынша көрсетілетін 800-дей мемлекеттік қызмет түрін 90 пайызға жеткізу керек. Қазір тек 75 пайызға орындалып отыр. Себебі, азаматтарға арналған үкіметтегі ақпараттық жүйе бірыңғай стандартталмаған. Соның кесірінен адамдар құжат дайындау үшін  әрі-бері сенделіп әлекке түседі. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болған депутаттар осылай деді. Олар мұндағы ықшамдалған реттеу залының жұмысымен де танысты. Орталықта құжат дайындаудың ең ұзағы 2 сағатта бітсе, ал, Грузияда біршама қысқа екен. Сондай-ақ, депутаттар арнайы орталықтағы көліктерді тексеру қызметін жетілдіру керектігін жеткізді. 

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көлік келген кезде олар атүсті қарайды. Ол көлік ұрланған ба, айдалып келген бе? Сол себепті, мәселені тереңірек қарасақ, дұрыс болар деп ойлаймын. Себебі, нөмірін басқ біреу де жасауға мүмкіншілік бар екен.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу