Қазақстандық банктердің банкротқа ұшырайтындығы туралы жалған ақпарат таратқан бірнеше адам анықталды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді.
Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі:
Банктердің қаржылық ахуалы жөніндегі жалған ақпараттарға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іздестіру шаралары жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар анықталды және оларға қатысты тексеру шаралары басталды.