Сириядағы қақтығыс аймағынан эвакуацияланған қазақстандықтар жақын арада елге жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сириядағы қақтығыс аймағынан эвакуацияланған қазақстандықтар жақын арада елге жеткізіледі

14.11.2017

Сириядағы қақтығыс аймағынан аман шыққандардың арасында бес қазақстандық бар. Олар кеше Грозный қаласына арнайы ұшақпен жеткізілді. Бұл туралы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады. Ресейге эвакуацияланған - 29 жастағы әйел және төрт бала. Сыртқы саясат мекемесінің ақпаратына сәйкес, ол әйел Орал қаласының тумасы. Кәмелет жасқа толмаған балалардың ең кішісі небәрі 5 жаста. Қазір олардың Сирияға қалай және қандай мақсатпен барғандығы анықталып жатыр. 

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Оларды Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізілетін болады. Біз отандастарымызды Қазақстанға Сириядан эвакуациялауға көмектескен Ресейге және Шешен Республикасына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

 

Хабарламаларға жазылу