Таразда халықаралық туризм форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда халықаралық туризм форумы өтуде

14.11.2017

Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру үшін инфрақұрылыммен қатар, қызмет көрсету саласын дамыту қажет. Таразда халықаралық туризм форумы өтіп жатыр. Оған онға жуық мемлекеттен сала мамандары қатысуда. Әулиеата өңірінің табиғаты көркем, тарихи мұрасы мол болғанымен, ағылып жатқан турист жоқ. Себеп неде? Форумда осы бағытта сала мамандары ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Сондай ақ, Түркия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің туризм қауымдастықтарымен Жамбыл облыстық әкімдігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Қазір аймақта саланы дамытудың ауқымды жоспары бар. Ол жүзеге асса, тарихи мекенде туристік кешеннің өркендері анық. Форумға келген шетелдік сарапшылар болса бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді.  

Ян Жижка, чехиялық туристік компания өкілі:

- Мені тәжірибе алмасуға шақырып отыр. Қазір туризмді дамытудың жаңа тәсілдері пайда болуда. Соны айта аламын. Сіздерде дұрыс жолға қойылса, туризмді дамытуға қажеттінің бәрі бар деп ойлаймын. 

Ахмет Гурбанов, Әзірбайжан туризм қауымдастығының атқарушы директоры:

- Туризмнің салалық түрі көп. Сіздердің мұндай мол мүмкіндіктеріңіз бар екенін біліп, таңқалып тұрмын. Бірлесе жұмыс істесек, инфрақұрылымды жақсартып, PR-ды дұрыс жүргізсе, табысқа жетуге болады.

 

Ж. ҚОШҚАРБАЙ

Хабарламаларға жазылу