Ақмола облысында судьяны өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында судьяны өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

14.11.2017

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының бұрынғы төрайымы Жанна Бердіқұлованы аса қатігездікпен өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты. Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 33 жастағы Медет Әбдірахмановты тағылған барлық айыптары бойынша кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айырды. Ол бұған дейін де 4 рет істі болған. Оның бірінде адам өлімі үшін жазасын өтеген.

Естеріңізге салайық, судья Жанна Бердіқұлованы осы жылдың 13-ші маусымында өз үйінде қылқындырып өлтірген.

Ғалым Қайшыбеков, Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Медет Әбдірахманов өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін. Ол өз жазасын аса қауіпті қылмыскерлерге арналған қылмыстық түзету мекемесінде өтейді. Алғашқы 5 жылын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өткізеді. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, жәбірленуші тараптың әрқайсысына 5 миллион теңгеден моральдік және матреиалдық өтемақы төлейді.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН 

Хабарламаларға жазылу