Жалпыға бірдей тегін білім беру бағдарламасы бойынша ашылған орындарға студенттер толмай қалған. «Нұр Отан» партиясының мәжілістегі өкілдерінің қатысуымен өткен жиында осы мәселе сөз болды. Басқосуда жалпыға тегін білім беру және кәсіпкерлікке баулу 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламалардың орындалу барысы сүзгіден өтті. Қай-қайсысының да орындалуы депутаттар тарапынан көп сұрақ тудырды. Басталуы жақсы болып, орындалуы сұйылып кеткен тегін білім беру бағдарламасына «Нұротандықтар» қатты шүйлікті. Жалақысы аз мамандыққа барғысы келетін жастардың саны кемде-кем. Әрі, кәсіптік білім беретін оқытушылар тапшы, ол аздай, аталған бағдарламаның бар екенінен кейбір өңірлер мүлдем хабарсыз болып шыққан.
Бахытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әрбір аз қамтылған балаларға шуақ шашқан бағдарлама деп ойлаймын. Ол бала жолақы, жәрдемақы, шәкіртақысын алады. Оқу үлгерімі қандай болса да, мемлекет жасап отырған жәрдемақының бәрі оған тиесілі.
Ғабит БӨКЕНБАЙ