Жер қойнауын игеруде әкімшілік кедергі көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер қойнауын игеруде әкімшілік кедергі көп

09.11.2017

Қатты қазбаларды барлау мен игерудің халықаралық стандарттарына көшу қажет. Себебі, қолданыстағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы заңның пәрмені жетпейтін әкімшілік кедергі көп. Кенді барлау жұмыстарына жұмсалатын қаржы да жеткіліксіз.

Мәселен, Солтүстік Америкада бұл мақсатта әр шаршы шақырымға 203 доллар қаралса, бізде ол көрсеткіш 29 есе аз. Салаға қатысты басқа да өзекті мәселелер Қостанай облысының Рудный қаласында өткен көшпелі отырыста талқыланды. Төменгі палатаның Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшелері кеншілерге заң жобасын түсіндірді.  

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу