Ақтауда түрменің экс- басшыларына қатысты үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда түрменің экс- басшыларына қатысты үкім шықты

09.11.2017

Ақтауда бұрынғы түрме басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Осы жылдың шілде айында 4 түрме қызметкеріне қатысты бірнеше іс қозғалған болатын. Түзеу мекемесі жедел тобының экс-бастығы Айнақұловтың 25 000 теңге пара алғаны дәлелденіп, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, ГМ-172-6 мекемесі бастығының орынбасары қызметін атқарған Қуатбековке  3 млн 329 мың теңге айыппұл салынды. Сотталушылардың дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен аластатылды.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында жазасын өтеушілер аталған азаматтардың оларды ұрып-соққаны, пара алғаны туралы шағым түсірген еді.  

 Мәлік Кенжалиев, Ақтау қалалық сотының төрағасы:

- Мемлекеттік қызметтен белгілі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын орташа қылмыстық мекемелерде өтеу белгіленсін.

Хабарламаларға жазылу