Қазақстанда қытайлық «JAC» көлігін құрастыру ісі одан әрі қарқын алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қытайлық «JAC» көлігін құрастыру ісі одан әрі қарқын алмақ

09.11.2017

Бұл мақсатта «СиЭмСи» инвестициялық компаниясы Қостанайдағы «СарыарқаАвтоӨндіріс» зауытына 1 млрд. 200 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат құяды.

Екі жыл ішінде жергілікті зауытта 10 мың шетелдік автокөлік құрастырылды. Биыл тағы 6 мың машина сатылымға шығарылмақ.  Бұған дейін темір тұлпарлар боялып, қосалқы бөлшектері дәнекерленіп қана келсе, енді көлікті құрастыру ауқымы, әлдеқайда кеңейді. Меморандумға сәйкес, автокөліктерді ТМД елдерінің нарығына шығаруға мүмкіндік бар. Бүгінде Қостанайдағы зауытта оңтүстіккореялық «SsangYong», «Hyundai», француздық «Peugeot» және қытайлық «Geely»  маркалы көліктері құрастырылады. Мұның сыртында италиялық «Iveco» және жапондық «Toyota Fortuner» де бар. 

Лю Ву,  шетелдік компанияның бас директоры:

 - Қазақстан Үкіметі автоөндіріс саласына мейлінше қолдау көрсетіп жатыр. Бізді ең әуелі осы бастама қызықтырды. Біз Қазақстан арқылы  Ресей, Белоруссия нарығына шығуды көздейміз. Сондай-ақ, жергілікті  мамандарды Қытайда оқытып, біліктіліктерін шыңдауды өз мойнымызға аламыз.

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу