«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолын қайта жөндеу жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолын қайта жөндеу жұмыстары басталды

09.11.2017

Бұл - Ресей Федерациясына, Орталық Азия және Парсы шығанағына шығатын көлік дәлізінің маңызды бөлігі.  Жол құрылысы 3 жылда аяқталуы тиіс. Жалпы, өңірде жол құрылысы қарқынды.  «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің 659 шақырымы төселді.  Енді осы республикалық маңызға ие  «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» бағытында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Тас жол 7 құрылыс алаңына бөлінген.  

Мердігерлер - Италия, Әзірбайжан, Түркияның жол құрылысы мекемелері. Ал, кореялық инженерлер жұмыстың сапасын бақылайды. 

Бердібек  Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

- Бұл жол елу жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген. Біздің өңірден Ақтөбеден бастап Атыраудың шекарасына дейін 300 шақырымға жуық жол жөнделеді. Үкіметтің көмегімен биылдан бастап Ақтөбе мен Орск арасындағы жолды жөндеуді бастадық. Биыл 40, келер жылы кемінде 20 шақырым жөнделеді. 

Хабарламаларға жазылу