Алқа билер сотының аясын кеңейту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алқа билер сотының аясын кеңейту қажет

08.11.2017

Ұлт жоспарында жүктелген алқа билер сотын қолдану аясын кеңейту тапсырмасы ойдағыдай орындалып жатқан жоқ. Қазір алқа билер соты тек бес түрлі қылмысты қарауда қолданылады. Бұл туралы бүгін қылмыстық сот төрелігін дамытуға арналған жиында адвокаттар айтты.  Мысалы, биыл алқа билердің қатысуымен небәрі 70-ке жуық іс қаралған. Адвокаттар Мәжіліс қарауындағы құқық қорғау қызметін жаңғырту туралы заң жобасында бұл мәселесі қамтылмағанын айтып отыр. Дегенмен, әлі де кеш емес. Себебі, заң жобасы қазір Мәжіліс қарауында. Яғни, бүгін айтылған ұсыныстар заң жобасын талқылау кезінде ескеріледі деген үмітте.

Данияр Қанафин, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты:

- Аталған заң жобасымен алқа билер сотының қолданылу аясын кеңейтсе жақсы болар еді. Бұл демократиялық үрдістердің бірі. Оның үстіне бұл «Ұлт жоспары: 100 нақты қадамда» жүктелген міндет. Біз алқа билер соты институты одан әрі кеңейеді деп үміттенеміз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу