«Smart city» аясындағы жүйеге бірнеше қоғамдық көлік қосылды. Электронды билет алу үшін тек ұялы телефон ғана қажет.
Жолақы төлеу үшін 2505 номеріне автобустың коды жазылған sms жіберу керек. Хабарлама тегін. Төлем телефон балансындағы бірліктен алынады. Немесе банк карточкасымен де төлеуге болады. Ол үшін жолаушы smsbus.kz сайтына кіріп, тіркелуі керек. Кез келген банктің карталары арқылы да төлем жасауға мүмкіндік бар. Комиссия алынбайды. Сондай-ақ, «SMS BUS» мобильді қосымшасы арқылы да электронды билет сатып алуға болады.
Қайрат Мұхамбетқалиев, қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- 8 қарашадан бастап біз бұл жүйені пилоттық негізде жүзеге асырмақпыз. Атап айтқанда, №5, 10, 22 және 36-шы қоғамдық көліктерде. Әрі қарай егер жоба сәтті іске асса, бұл төлем жүйесін барлық автобусқа енгізбекпіз. Бұл - баламалы жүйе. Яғни, жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу тәсілі де сақталады.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ