Қазақстандағы медиация саласын дамыту жолдары халықаралық жиында талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы медиация саласын дамыту жолдары халықаралық жиында талқыланды

07.11.2017

Қазақстандағы медиация саласын дамыту жолдары бүгін Еуропа кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен халықаралық жиында талқыланды. Мамандардың айтуынша, елімізде 2010 жылдан бері сотқа жеткізбей шешетін тың тәсілге ерекше көңіл бөліне бастады. Өйткені, үлкенді-кішілі дау-дамайдың бәрін сот арқылы шешу мемлекетке де, қоғамға да тиімсіз. Сондықтан да халықтан бұрын заң саласының мамандары медиацияны терең меңгеруі керек. Бұл ретте шешен болу жеткіліксіз, әділ үкімнің шебері болу маңызды. Шетелдік біліктілердің басын қосқан бұл жолғы  семинар-тренингтің мақсаты да сол. 

Хелена Солето, Еуропа кеңесінің сарапшысы:

- Қазақстандағы сот жүйесі қарқынды дамып келеді. Сондықтан да медиацияға сенім артуға әбден болады. Өйткені, бұл тәсіл зардап шегуші мен кінәлілердің мәселесін қысқа уақытта, оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. 

Хабарламаларға жазылу