Синоптиктер алдағы үш күнде еліміздің басым аймақтарында көктайғақ пен тұман болады деп болжап отыр. Әсіресе, түнгі және тағы мезгілде күн райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың жылдам жүруіне байланысты солтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ, 23 метр секундқа дейін жел тұрады деп болжануда.