Бүгін Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы басталды. Бұрынғы Экономика министрімен бірге сотталушылар қатарында 23 адам бар. Істің ауқымдылығына байланысты сот процесі әскери сот ғимаратында өтуде.
Бүгін түске дейін қорғаушылардың өтініш хаттары қаралды. Ал, түстен кейін сот отырысында мемлекеттік қорғаушы сотталушыларға тағылған айыптарды оқыды. Айта кету керек, Қуандық Бишімбаев бір топ адаммен келісе отырып бірнеше рет пара алды деген күдікпен жыл басында ұсталған болатын. Кейін ол 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырғандығы туралы айтылды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ