Солтүстік Қазақстанда шетелдік кәсіпорын өкілдігі ірі көлемдегі салықтан жалтарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда шетелдік кәсіпорын өкілдігі ірі көлемдегі салықтан жалтарған

07.11.2017

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік кәсіпорынның қазақстандық филиалы  ірі көлемде салықтан жалтарғаны белгілі болды. «Транснефть – Урал» акционерлік қоғамының теріскейдегі өкілдігі  609 млн. теңге көлемінде салық төлемеген. Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерімен айналысатын компания өкілдігінің 5 жыл бойы бюджетке бір тиын төлемей келгенін әшкереледі. Қылмыстық іс аяқталып, құқық қорғау органдары істі сотқа жіберген болатын. Кәсіпорынның  бас есепшісіне қатысты сот үкімі де шықты. Өзге де фактілер бойынша облыстық Кірістер департаменті 1 млрд. 600 млн. теңгені мемлекет есебіне қайтарды. 

Тірек Шәкенов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті Қаржы саласындағы қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім басшысы:

 - Тергеу барысында мемлекеттік шығынды қайтару мақсатында үкімді қамтамасыз ету үшін 609 млн. мүлікке тыйым салынған болатын. Қазан айында сотпен аталған кәсіпорынның жауапты тұлғасына ірі мөлшерде салықтан жалтару фактісі бойынша кінәлі деп табылып, 2 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазалары қолданылған болатын.

 

Хабарламаларға жазылу