Алматы облысында биыл 111 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру жоспарланған. Өңір бұл тапсырманы артығымен орындап, 10 айда 138 кооператив жұмысқа кірісті. Жеке үй шаруашылығын жүргізіп келген отбасылар бірігіп, негізінен мал бордақылап, сүт өткізуді қолға алды. Сондай-ақ, жүн өңдеу, бау-бақша өсіруге де бет бұрғандар бар. Ендігі мақсат - осы кооперативтердің нормативтік-құқықтық базасын түсіндіріп, ұжымдардың заңдық сауаттылығын жетілдіру. Облыс аумағында Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері шаруалармен кездесіп, арнайы семинарлар өткізуде. Жиын барысында мамандар кооперативтерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін тағы бір шолып өтті.
Ерлан Ілиясов, ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаментінің басқарма басшысы:
Субсидиялар кооперативтерге арнайы техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталған. 50 пайызы субсидияланады және кооператив өндірген өнімдерге де субсидия бар.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ