Бәсекелестікті қолдау саясаты күшейе түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бәсекелестікті қолдау саясаты күшейе түсті

06.11.2017

Елімізде монополияға қарсы агенттіктің шығарған шешімі енді «келісімді комиссиямен» бекітілетін болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Еуразиялық университетте өткен арнайы семинар барысында белгілі болды. Мұндай жаңашылдық қазірдің өзінде кәсіпкерлерге оң пайдасын тигізіп отыр. Өйткені, айып салу мен тергеу барысы барынша ашық, әрі әділ болмақ. Сондай-ақ, жиын барысында Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бәсекелестікті және еркін сауда айналымын қадағалау жайы да сөз болды. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған халықаралық комиссиялық топтың Еуразиялық аймақта құзіреті күшейе түседі.   

Алдаш Айтжанов, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталғы» АҚ президенті:

- Комиссияның құзыреті бар. Олар іс аша алады, тергеу жүргізе алады. Егер де бұзушылықты дәлелдесе, айыппұл салуға құзыреті бар. Соны бастап көріп жатырмыз.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу