1 қаңтардан бастап зейнетақы 8%-ға өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қаңтардан бастап зейнетақы 8%-ға өседі

06.11.2017

Қаңтардың 1-нен бастап еңбекті зейнетақы 8 пайызға, ал, базалық зейнетақы және басқа да жәрдемақы түрлерінің көлемі 6 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты. Оның сөзінше, жаңа жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі де өзгеріп, 28 284 теңгеге дейін көтерілмек. Бүгінде елімізде 2 миллионнан астам адам базалық зейнетақы алып отыр. Келер жылдан бастап оны тағайындаудың әдіс-тәсілдеріне де өзгерістер енгізілмек.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу