Астанада мемлекеттік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мемлекеттік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп жатыр

06.11.2017

Қалалық әкімдіктің бастамасы бойынша бүгін қырыққа жуық ұйымның өкілдері арнайы семинарда бас қосып, бизнес бастау жолдарын саралады. Жиналғандардың арасында жастар мен зейнет жасына жеткен егде азаматтар да бар. Қазір елімізде әлеуметтік бизнесті жетік меңгеріп, пайда көріп отырғандар өте аз. Сондықтан, осы олқылықтың орнын толтыру үшін енді дәл осындай танымдық семинарлар жиі ұйымдастырылмақ.    

Баян Ахметжанова, ЗТБ «Форум МКҰ Астана» президенті:

- Біз әлеуметтік бизнес туралы осы мемлекеттік емес ұйымдарға солардың мүшелеріне жеткізіп отырмыз. Кәсіпкерлікті үйретіп отырған осы қаланың ішіндегі алдында жұмыс істеп кеткен тренерлер. Білімдері жоғары.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу