Шығыс Қазақстанда атыс ұйымдастырған экс-полицейге үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда атыс ұйымдастырған экс-полицейге үкім шықты

03.11.2017

Шығыс Қазақстанның Үлкен-Нарын ауылында атыс ұйымдастырған бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты үкім шықты. Оқиға биыл 2 сәуірде болған. Прокуратураның мәліметі бойынша, ауыл тұрғынын екі ер адам соққыға жыққан. Жәбір көрген азамат Катонқарағай ауданының Ішкі Істер бөлімшесінде қызмет етіп жүрген ағасына көмекке жүгінеді. Полицей заң аясында әрекет етудің орнына өз бетінше ер адамдар отырған техникалық қызмет көрсету станциясына барып, оларға оқ жаудыра бастайды. Нәтижесінде, ер адамның бірі жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі, оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Ғалым Тілепбергенов,  облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

- Сот үкімі бойынша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған және кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің барынша қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленген. Полицияның аға лейтенанты шенінен айырылып, сотталған. Қазіргі күнде үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу