Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 120 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 120 отбасы баспаналы болды

03.11.2017

Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған көпқабатты екі үй пайдалануға берілді. Осылайша, кезекте тұрған 120 адам баспаналы болды. Пәтер кілтін алғандардың дені - мемлекеттік бағдарламаға қатысқан салымшылар, яғни, қарапайым жұмысшылар, әлеуметтік сала қызметкерлері. «Нұрлы жер» облыста құрылысқа серпін беріп, инфрақұрылымды жақсартты. Атап айтқанда, Қостанай қаласында жаңадан бой көтерген «Әуежай» мөлтек ауданында 41 үй салу жоспарланған еді. Аз ғана уақытта соның 16-ның құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді. Абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмаған.  

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

 - 12 үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр және жетеуін жақын арада бастаймыз. Одан басқа, әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарланған болатын.  900 орындық мектеп құрылысы да жүріп жатыр. Осы жерде мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында үлкен спорттық нысан салынуда, ол да жақын арада халықтың игілігіне пайдалануға беріледі.

Гүлім Шамбулаева, қала тұрғыны:

-Отбасымызбен 10 жыл пәтерді күтіп жүрген едік, бүгін ерекше күн, өте қуаныштымыз. Газ келіп тұр, жолы төселген, үй өте кең, 80 шаршы метр. Өте қуаныштымыз.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу