Еуразия Ұлттық университетінде «Тоқсандағы тарландар» атты ғылыми семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразия Ұлттық университетінде «Тоқсандағы тарландар» атты ғылыми семинар өтті

03.11.2017

«Тоқсандағы тарландар». Еуразия Ұлттық университетінде Зейнолла Қабдолов, Серік Қирабаев, Тұрcынбек Кәкішев, Нығмет Ғабдуллин сынды көрнекті әдебиеттанушы ғалымдарының 90 жылдық мерейтойларына арналған ғылыми семинар өтті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шара рухани жаңғырудың тарихына,  оның ішінде ғылыми деңгейімізді көрсетуге бағытталған. Семинарда әдеби-мәдени мұраны жүйелеуге атсалысқан ғалымдардың  еңбегі ескеріліп, баяндамалар оқылды.  

Дихан Қамзабекұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры:

- Бұл азаматтар тек қана ғылыммен, біліммен шектеліп қана қалмады. Бұл кісілердің барлығы қоғамдық өмірге деген белсенділігін көрсетіп отырды. Сондықтан, біз ғылыми семинардың деңгейін өте жоғары бағалаймыз.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу