2018 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта көрсетілетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2018 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта көрсетілетін болады

03.11.2017

Алдымен тұрмысы нашар отбасыларға бірегей жәрдемақы тағайындалып, жанұяның жағдайын жақсартуға арнайы жоспар әзірленеді. Көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмектің екі түрі ұсынылмақ – шартты және шартсыз ақшалай көмек. Ол үшін  жанұяның жан басына шаққандағы табысы төменгі күнкөріс мөлшерінің 50 пайызынан кем болуы тиіс. 2017 жылдың үшінші тоқсанында СҚО төменгі күнкөріс мөлшері 23 528 теңгені құрады, ендеше, отбасының әр мүшесінің орташа табысы 11 764 теңге болуы шарт. 

Ольга Нероба, Тайынша аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Шартты ақшалай көмек көрсету үшін алты айға әлеуметтік шартқа қол қойылады. Егерде шарт талаптары орындалмаса, еңбек жасындағы азаматтардан әлеуметтік көмектің 50 пайызы алынады. Екінші рет бұзылса, онда еңбек жасындағы адамдарға көмек көрсетілмейді. Тек 18 жасқа дейінгі балалар және күндізгі бөлімде оқитын студенттер ғана жәрдемақы алатын болады. Бұл мемлекеттік әлеуметтік көмек - балаларға төленетін жәрдемақы және көпбалалы аналарға арналған көмектің үшеуінің бірігуі.

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу