Жалынды жастар – Қазақстанның болашағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалынды жастар – Қазақстанның болашағы

02.11.2017

Девиантты мінез-құлықты жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және жазасын өтеп шыққандарды қоғамға бейімдеу. Елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы осындай жобаны қолға алды. Мақсат - өскелең ұрпаққа тура жол сілтеп, олардың көшбасшылық қабілетін арттыру. Жоба аясында бірнеше айда ондаған шара ұйымдастыру жоспарланған. Солардың дені - жалпыға ортақ ережеге бағынғысы келмейтін жас буынмен психологиялық семинар-тренинг өткізу. Оларға білікті лекторлар, «Болашақ» қауымдастығының түлектері, консалтинг компаниялардың жетекшілері және бизнес-тренерлер дәріс береді. Жалпы, мұндай шараға 1500 жас тартылады. 

 Асхат Оралов, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Өзекті мәселелердің бірі - девиантты құлық мінезді жастар. Басқарма тарапынан 10 айда 31 шара өтті. Оның ішінде семинар тренингтер болды, бейресми кездесулер өтті. Заңгерлермен, психологтармен кездесу өткізіп, біраз ақпарат жеткіздік. 

Хабарламаларға жазылу