Қазақстан-Қытай шекарасында тәртіп сақшыларына бағынбаған шетел азаматы уақытша қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай шекарасында тәртіп сақшыларына бағынбаған шетел азаматы уақытша қамауға алынды

02.11.2017

Оқиға Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында болған. Басқа бір күдіктіні тұтқындауға барған полиция қызметкерлеріне Қытай азаматы араша түспек болады. Бейнетаспада шетелдік азамат дөрекі сөйлеп, құқық қорғау өкілдеріне сес танытады. Бұл оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалды.  

Жанар Төлегенқызы, облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:

 - Бейнежазбадағы адам Қытай Халық Республикасының азаматы. Ол қазіргі уақытта ұсталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік Кодексінің 667-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Жиналған материалдар аудандық соттың қарауына жолданған. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу