Ол жемқорлыққа жол беріп, қордың қаржысын жымқырды деп айыпталған. Ерденаевтың адвокаты Александр Блок өзінің қорғауындағы азаматтың кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініп отырғанын айтты. Сондай-ақ, алдын ала сот тыңдалымы кезінде қорғаушылар Ерденаевты қамаудан босатып, үй қамағына жіберу туралы өтініш білдірген.
Айта кетейік, жыл басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті қордың құны 5 млрд. теңге болатын келісімшартын тексерген болатын. Нәтижесінде, «Руслан Ерденаев пен өзге де тұлғаларға қатысты Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-ші тармағы бойынша» ауыр қылмыс жасады деген айып тақты.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ