Шахтинскте ескі көліктерді қабылдайтын мобильді бекет жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтинскте ескі көліктерді қабылдайтын мобильді бекет жұмысын бастады

01.11.2017

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында ескі көліктерді қабылдайтын мобильді бекет жұмысын бастады. Екі күн ішінде жергілікті тұрғындар 20 көлік тапсырған. Енді ертеңнен бастап жылжымалы қабылдау бекеті Теміртауға, сосын Балқашқа бармақ.

Мәселен, әр көлік 150 мың теңгеге бағаланып отыр, құжаты және қосалқы бөлшектері толық болуы тиіс. Егер түгел болмаса, тек 48 мың теңге беріледі. Бұдан бөлек , 315 мың теңгенің сертификатын алу мүмкіндігі бар. Кейін оны жаңа көлік сатып алған кезде пайдалануға болады. Жылжымалы қабылдау бекеті кенді өңірден кейін Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарына жол тартпақ. Мамандардың айтуынша, осы күнге дейін еліміз бойынша 35 мың ескі көлік тапсырылған.

Жомарт Рақымжан, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы өкілі:

-Дәл осы мобильді бекет жобасы аясында, соғыс ардагерлеріде Сall center-ға хабарласып, ескі көлігімді өткізейін деп едім деп айтады. 1-ші топтағы мүгедектерге жеңілдіктер қарастырып отырмыз.  Яғни, мобильді бекет қызмет көрсететін аймақтар бойынша үйіне барып, алып кетеміз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу