Қарашаның бірінен бастап мекенжай бойынша тіркеу талаптары өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарашаның бірінен бастап мекенжай бойынша тіркеу талаптары өзгереді

31.10.2017

Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі және «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясымен бірлесіп, азаматтарды тіркеудің оңай тәсілін ойлап тапты. Ол үшін ақпараттық жүйені біріктіріп, жобаны сынап та көрген. Енді жаңа жүйенің арқасында азаматтар мекенжай бойынша тіркелу үшін баспанаға құқық белгілеуші құжаттарын және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы әкелмесе де болады. Барлық ақпарат жүйеге мекенжайдың тіркеу коды негізінде енгізіледі. Осылайша, барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары ертеңнен бастап жаңа жүйемен жұмыс істей бастайды. 

Анар Жомартова, ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің аға инспекторы:

- Ешқандай құжаттың қажеті жоқ. Егер де өзіңіз сол үйдің иесі болсаңыз, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен ғана өзіңіз келесіз. Бұл сервис бір мекенжай бойынша қанша азамат тіркелгені жөнінде ақпарат береді. Сонымен бірге, «резеңке пәтерлер» дейміз ғой, мысалы, көші-қон қызметкерінде белгілі бір мекенжай бойынша қанша адам тіркелгені жайында толық ақпарат болады.

Хабарламаларға жазылу