Қостанай облысында биыл ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін 17-ге жеткізу көзделсе, бұл жоспар артығымен орындалған. Бүгінгі таңда өңірде ет, сүт өндіретін 27 жеке шаруа бірлестігі жұмыс істеп тұр.
Өз жұмысын жолға қойғандардың бірі - Қостанай ауданындағы Александров ауылындағы кооператив. Жаңа құрылымның қазір 25 мүшесі бар. Олардың алған несиесінің жалпы сомасы 73 млн теңге. Бұл қаржыға 246 бас ірі қара сатып алынды. Ауылдан модульді сүт қабылдау бекеті ашылған. Шаруалар өз өнімдерін литрін 90 теңгеден осында өткізеді.
Әйтсе жұмыстың одан әрі жанданып кетуіне кедергі келтіріп тұрған жайлар да кездеседі. Соның бірі жайылымдық алқаптың аздығы.
Сапабек Жабағин, кооператив мүшесі:
- Жайылымды дұрыстап берсе бізге. Жер бөлсе шабындыққа. Шөптің бір тіркемесі 25 мың теңге, сабанның бір тіркемесі 15 мың теңге. Сонда шөптің тоннасы 12-15 мың, сабанның тоннасы 7-8 мың болып тұр. Бұл біздің қалтамызға ауыр тиеді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК