Қарағанды облысына алдағы 5 жыл ішінде 50 теолог-маман келіп жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысына алдағы 5 жыл ішінде 50 теолог-маман келіп жұмыс істейді

26.10.2017

Өңір басшысы Ерлан Қошанов пен «Нұр-Мүбәрак» университетінің ректоры Жуда Басюни екіжақты келісімге қол қойды. Келешекте теологтар жастардың теріс ағымның жетегінде кетпеуін қадағалап, діни сауатын жетілдіреді. Бұл күні Қарағандыда өткен «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін» форумында бұдан өзге де өткір мәселелер талқыланды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді орындау жайы пысықталды. Дәстүрлі құндылықтарды дәріптейтін жастар форумына ел ағалары келіп, емен-жарқын әңгіме құрды. Өкінішке орай, былтыр ғана шаңырақ көтерген 10 мың жұптың тең жартысы жылға жетпей ажырасып кеткен. Бұл келеңсіздіктің алдын алу да форумда талқыланған өзекті тақырыптың бірі. 

Абылайхан Жүсіпов, бокстан Азия және Әлем чемпионы:

- «Жаны саудың, тәні сау» демекші, біздің еліміздің барлық жастары дендерін сақтап жүріп, спортпен шұғылданып, әрқашанда білімді болуы керек. Менің ойымша, сол ең басты мақсат - біздің ел жастарының. Мен сондай жастарды, сондай азаматтарды қатты қолдаймын.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу