Теңге бағамының төмендеуі – экономикалық қажеттілік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге бағамының төмендеуі – экономикалық қажеттілік

13.02.2014
Теңге бағамының төмендеуі – экономикалық қажеттілік
 
Теңге бағамының төмендеуі - отандық экспортшылардың жағдайын жақсартып, сыртқа кетіп жатқан капиталға тосқауыл болады. Мемлекеттік бюджетке қосымша табыс та түсуі мүмкін. Қаржыгер-сарапшы Ілияс Исаев осылай дейді. 
 
Алдымен отандық өнеркәсіпті қолдап, экономикалық әлеуетімізді арттыру қажет деп есептейді қаржыгер. Себебі, экономикасы қуатты елдің ғана валютасы тұрақты болмақ.
 
Ілияс Исаев, қаржыгер-сарапшы:
Болып жатқан девальвация бұл- қажеттілік деп есептеймін. Ұлттық валютамызды тұрақтандырудың бірден бір жолы - шағын және орта бизнесті дамыту.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу