Жамбыл ауданы Тастөбе ауылдық округі әкімдігінің қызметкері дүйсенбі күні көпшілікпен бірге сенбілікке шығады. Мамандар көшені ретке келтірмек болып, ағаш кеседі. Кесілген ағаш аңдаусызда 36 жастағы Марат Қойшайбаевтың үстіне құлап кетеді. Куәгерлер жедел жәрдем көлігін күтпестен мертіккен азаматты ауруханаға жеткізбек болады. Алайда, ауыр соққының салдарынан әкімдік қызметкері жолда жан тапсырады.
Алтай Саурықов, Жамбыл аудандық ауруханасының бас дәрігері:
- 23-ші қазан күні кешкі сағат 18:05-те орталық аурухананың қабылдау бөліміне 1981 жылы туған азаматтың өлі денесі әкелінген. Оқыс оқиға Тастөбе ауылындағы жол бойында орын алған. Бізде бұдан басқа ақпарат жоқ. Белгілісі, тек сол күні мәйітті сот медициналық сараптамасы орталығына алып кетті.