Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» шекаралық бақылау аймағында жағдай бір қалыпты. Құжаттары дұрыс, заңды бұзбағандар үшін кедендік кедергілер жоқ.
Шекарадағы жоспарлы операция әлі де жалғасып жатыр. Кешегі күнмен салыстырғанда бүгін ары бері өтіп жатқан адамсаны аздау. Бүгін таңғы алтыдан бері «Қордай» шекара бекетінен үш жүзден аса көлік пен үш мың жеті жүзден астам азамат өткен. Сондай-ақ, бүгін көші-қон заңнамасын бұзған он екі адам анықталды. Оларға қатысты тиісті шаралар қолданылды. Ал, ветеринарлық-фитосанитария қызметінің берген мәліметі бойынша ешкім ереже бұзбаған. Өткен аптада Қарасу бекетінде заңсыз тері мен мал алып өтпек болған азаматтар ұсталғаны белгілі. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мирас МҰҚАШ