Жанармай қоры жеткілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанармай қоры жеткілікті

23.10.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағар майдың бір аптаға жетер-жетпес қоры қалды. Дизель отынын қоспағанда 6 мың 900 тонна жанармай қоры бар. Бұған себеп, Шымкент мұнай өңдеу зауыты өнімінің көп бөлігі қазір өзге өңірлерге жіберілуде. Өйткені, Павлодар мұнай өңдеу зауыты әлі тоқтап тұр. Ал, Атыраудағы зауыт әлі толық өндірістік қуатына шыға алған жоқ. Сондықтан, еліміздің әрбір аймағына арнайы бекітілген кестеге сай біркелі мөлшерде тұрақты жеткізіліп жатыр. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы бір айда 60 мың тоннадай жанар-жағар май тұтынады. Оның 30 пайызы ғана Ресейден тасымалданады. Облыстағы 500-ден астам май құю бекетінің 75-і - ірі операторлар. Оларда жанармайдың жеткілікті қоры жасақталған. Сондықтан, аймақта әзірге жанар-жағар май тапшылығы сезілмейді. Баға да тұрақты. 

Қайыпбек Қамбаров, Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы:

- Бұл қазіргі таңда облысымыздағы қалған қорымыз. Бірақ, күнделікті отгрузка болып жатыр. Осы апта тағы болады дейді. Сондықтан, ол ешқандай тапшылыққа алып келмейді. Бұл графикпен министрліктен істеп жатқан жоспарлы әрекеті. Бұған ешқандай қобалжудың қажеті жоқ. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу