«Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа». Осы атаумен журналистер бас қосқан алқалы жиын өтті. Оған шетелдік БАҚ өкілдері, отандық тілшілер, сондай-ақ, еліміздің PR-мамандары қатысты. Жиналғандар еліміздегі журналистика саласында сапалы білім беруге бағытталған әдістер, ақпаратқа қолжетімділік, PR саласының дамуы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, интернет имидждің жаңа мүмкіндіктерін талқылады. «Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараның басты мақсаты - дағдарыс уақытында журналистика саласының мүмкіндіктерін арттыра түсу», - дейді мамандар.
Назгүл Шыңғысова, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ «ЮНЕСКО халықаралық журналистика және қоғамдық медиа» кафедрасының меңгерушісі:
- Осы күзгі мектепте біздің қорғап отырған тақырыптарымыз БАҚ құралдарындағы заңдылық, тікелей журналистерге арналған. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы тұрақты даму мақсатындағы көптеген мәселелерді қамтып отырмыз.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ