Республикамыздың азаматтық заңнамасы ағылшын және еуропалық құқық негізінде жетілдірілмек. Осыған байланысты бүгін заң саласының мамандары, депутаттар мен ғылыми бірлестік өкілдері конференция өткізді. Жиын барысында еліміздің азаматтық заңнамасындағы делдалдық, адалдық және шарт бостандығы қағидаттары қарастырылды. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін жаңа институттарды енгізу туралы сөз қозғалды. Әзірге бұл жоспар тұжырымдама негізінде қарастырылуда. «Ал, келешекте құқық заңнамасындағы өзгерістер сот жүйесінің әділ өтуіне негіз болады», - дейді мамандар.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ