Табиғи таза өнімнің үлесі артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табиғи таза өнімнің үлесі артпақ

19.10.2017

Еліміздің сүт өнімдері нарығында отандық табиғи таза өнімнің үлесі артпақ. Өндіріс кешендері даму бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың нәтижесінде, заманауи мега-фермалар мен жаңа сүт зауыттары біріктірілген кластер құрылды. Ал, бұл шикі сүттің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мәселен, «Адал» сүт зауыты құны 2,5 млрд теңге болатын кешен тұрғызды. Ал, «сүт класстерін» құруға 5 млрд теңге инвестиция құйылған. Зауыт тәулігіне 100 тоннадан астам сүт өңдейді. Соның арқасында 56 түрлі сүт өнімдерін нарыққа шығарып отыр. Олардың бесеуінде «Жоғары сүт стандарты» белгісі бар. Агроөнеркәсіп мұндай нәтижеге сиыр табынын автоматтандырылған басқару жүйесіне қосу арқылы қол жеткізген. Қазір заманауи мега-фермада 1000-нан астам сауын сиыры бар. Осыдан 3 жыл бұрын әр сиырдан жылына 4 мың литр сүт өндірілсе, қазір мал басын уақыт режимімен бақылауға алу нәтижесінде әр сиыр жылына 7 мың литрге дейін сүт береді.

Медетхан Игіліков, Агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылық директоры:

 - Оның енді астарында көп дүние жатыр. Қазір өздеріңіз көріп отырсыздар, міне, жаңадан салынған мынау мега-ферма, мынау жаңадан салынған малдардың баздары. Біздің тағы бір ерекшелік, сырттан ешқандай мал әкелген жоқпыз. Өзіміздің отандық қара ала сиыр, қара сиырмен бүгінгі күнде мынадай жоғары нәтижеге жетіп отырмыз.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу