Бүгін Семей полигонында соңғы ядролық сынақтың жүргізілгеніне - 28 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Семей полигонында соңғы ядролық сынақтың жүргізілгеніне - 28 жыл

19.10.2017

Дәл осы күні қазақ даласында қасіретті қаруды сынау тоқтатылған болатын. Осыған орай Ұлттық архив ғимаратында «Семей ядролық полигонының табиғатқа, адам өмірі мен денсаулығына әсері» тақырыбында жиын өтті.

«Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткен шарада сынақ алаңынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік жағынан қолдау мәселесі талқыланды. Ғалымдар полигонның жабылғанына 26 жыл толғанымен ондағы радиация ошақтары әлі күнге дейін оқшауланбағанын айтады. Сондай-ақ, зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету ісі кенжелеп тұрғаны да алаңдатады,- дейді.

Әрі «Курчатов радиологиялық институты жабылып Семейда ғана қалуы полигонның зардабын зерттеу жұмыстарының жүргізілмей жатқанын көрсетеді, - дейді жиынға қатысушылар. 

Зәуреш Батталова, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының» президенті:

 - Шешілмеген себебі, Семей полигонының зардабына арналған заңның шикілігі. Заңның нақты халыққа көмектесетін нормаларының кезінде күшін жоюы және халыққа көмектесетін нормаларының бүгінгі күнге дейін іске асырылмағандығы. 26 жылда өкінішке орай осы мәселені нақты қолға алмаған.

Хабарламаларға жазылу