Астанада алғашқы «Цифрлы халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алғашқы «Цифрлы халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылады

19.10.2017

Келесі айда Астанада алғашқы «Цифрлы халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылады. Бұл туралы Мемлекеттік қызметті дамытуға арналған халықаралық конференцияда айтылды. Мысалы, цифрландыру бағдарламасы аясында болашақта Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мамандар саны қысқартылып, азаматтардың өздігінен қызмет алуына жағдай жасалады.

Ол үшін электронды қолтаңбаны алу мен оны пайдалану секілді қызметтер мен жаңа технологияларды халыққа үйрету жұмыстары жандандырылмақ. Яғни, тиісті бейнероликтер  әзірленіп, халықты жаңа технологияға үйретуге баса мән беріледі. Мұндай алғашқы орталық Астанада ашылады.

Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  АҚ басқарма төрағасы:

 - ЭЦҚ кейбір мемлекеттік қызметте алып тастап жатырмыз. Мысалы, мекенжай анықтамасы бойынша. Бірақ, бәрібір адамдар бізге ХҚКО-на келіп, осы мекенжай анықтамаларын алып жатыр.

Сол цифрлы ЦОН-да біз адамдарға сол мекенжай анықтамасын бермей, біз оларды үйретеміз. Қалай олар сол қызметті бізге келмей өздері үйде-ақ ала алатынын көрсетеміз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу