Оралда жұмысшы абайсызда құрылыс нысанының екінші қабатынан темір қоршаудың үстіне құлап түсіп, мертігіп қалды. Оқыс оқиға кеше түсте «Астана» шағын ауданындағы дәмханада болды.
Жедел жеткен құтқарушылар жұмысшыны қоршауға белден төмен ілініп тұрған жерінен темірмен бірге кесіп алған. Сол бойда 48 жастағы азамат қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Ауруханада жапа шеккен құрылысшыға 6 сағат операция жасалған. Қазір жағдайы ауыр, - дейді дәрігерлер. Көп қан жоғалтқан. Шұғыл түрде оған донор іздестіріліп, қан құйылды. Дәрігерлер әлі де оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Саламат Ералин, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Көптеген политравма алған. Сол жақ несепағары үзіліп кеткен. Денесінің үшінші жоғарғы жағы дене бітімі темірмен бірге келген. Ота жасаған кезде барлық темір денесінен алынып тасталған. Қазір реанимация бөлімінде жатыр. Халі нашар.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ