Шетелдік меймандар этникалық топтар тақырыбына арналған халықаралық конференцияда осындай баға берді. Қазір әлемде 190 ел, 5000-нан астам этнос өмір сүріп жатыр. Бұған қарап дербес мемлекеттердің саны шектеулі екенін аңғаруға болады.
Батыс елдеріндегі ұлт арасындағы араздықтың азаймай тұрғаны тағы бар. Сондықтан да, әлем елдеріндегі көпұлттылық саясаты - алаңдатарлық жайт. Бұл тұрғыда жүздеген этносты бір шаңыраққа тоғыстырған Қазақстанның тәжірибесі зор.
Қатысушылар соңғы уақытта жиілеп кеткен этностардың өз елдеріне қоныс аударуы, ұлттық құндылықтарын жаңғырту, төл мерекелеріне көбірек көңіл бөлу сынды бірқатар сұрақтардың шешу жолын талқыға салды.
Жиын соңында шараға мұрындық болған «Аденауэр» қоры мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
- Бұл келісімнің басты мақсаты - бізде тұрып жатқан және басқа көп этностардың қарым-қатынасын үлгі етіп отыруымыз керек. Сондай-ақ, біз ол жақтағы жағдайды біліп отыруымыз қажет. Бірлесе қызмет ету бойынша бұл келісімшарт ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ