Қостанайдағы 6697 әскери бөліміне инспекторлық тексеру жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы 6697 әскери бөліміне инспекторлық тексеру жүргізілді

18.10.2017

Үш жылда бір өтетін бұл шараның мақсаты – жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін, тәртібін, моральдық-психологиялық жағдайын бағалау. Қару-жарақпен, техникамен қамтылу жағы да назардан тыс қалмайды. Бүгін орталық қолбасшылықтан келген мамандар саппен жүруден бастап Қостанайдағы бөлімнің барлық әскери мүмкіндіктерін сүзгіден өткізді. Бұл бөлім еліміздің солтүстік шебіндегі ірі әскери құрылымдардың бірі. Өңірде оқыс оқиға болса алғаш дұшпанға тойтарыс беретін осы бөлімнің жауынгерлері. Сондықтан, олардың қандай жағдайға да дайын болуы ел қауіпсіздігі үшін аса маңызды. 

Әлішер Әбдірасыл, Ұлттық ұлан бас қолбасшылығының Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы:

- Әскери бөлімнің бүгінгі таңдағы дайындығы көңіл қуантарлықтай. Толық  қорытынды сенбі күні шығады. Осы әскери бөлімнен басқа Жітіқара қаласындағы арнайы ротаның да дайындығы тексерілетін болады. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу