Қарағандыда «Ауыл береке-2017» жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Ауыл береке-2017» жәрмеңкесі өтті

16.10.2017

Қарағанды облысының фермерлері «Ауыл береке» жәрмеңкесіне алғашқы сенбіліктің өзінде жалпы құны 180 миллион теңгенің 500 тонна өнімін әкелді. Жәрмеңкеге аудандардан барлығы 80-нен астам шаруа қожалықтары қатысты. Тауар нарықтағы бағаға қарағанда 15-20 процентке арзан. Әсіресе, ет, сүт, жұмыртқа, балық, көкөніс өнімдеріне сұраныс күшті. Мысалы, сиыр етінің бір келісі сауда орындарында 1600 теңге болса, мұнда 1200-ден, ал, дүкендерде 130 теңгеден тұрған картоп 70-теңгеден сатылды. Жалпы, жыл басынан бері өңір шаруалары 400-дей жәрмеңке өткізсе, соның үш керуені Астана қаласына барды. Осылайша, фермерлер 3,5 миллиард теңгенің өнімдерін саудалаған. «Енді әр жәрмеңке сайын бағаны бақылауда ұстап, алып-сатарлардың бағаны қымбаттатуына жол бермейміз», - дейді жергілікті билік.

Баян Исабаева, қала тұрғыны:

- Әр жәрмеңкеге келуге тырысамын. Базарға қарағанда бұл жерде жақсы, жәрмеңке деген атына лайықты, арзан.

Серік Шайдаров, облыс әкімінің орынбасары:

- Облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкесі басталды. Осы 14-ші қазаннан бастап 11-ші қарашаға дейін үш мәрте болады. Өңірге қарасты аудан мен қалаларда кесте бойынша ұйымдастырылады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу