Қазақстанда энергиялық тиімді жобаларды жүзеге асырғысы келген кәсіпкерлерге енді мемлекет қолдау көрсетеді. Яғни, жарық, жылу, ыстық су беруде бюджет қаржысын үнемдеуге көмектесетін бизнес жобалар арнайы субсидияға ие болмақ.
Жеңілдік энергиялық және экологиялық тиімділігі дәлелденген бастамаларға ғана берілмек. Кәсіпкер алған несиенің үстіне банк қосатын қосымша үстеменің 10 пайызын мемлекет өтеп береді. Бағдарлама еліміздің 15 қаласында жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Абай Сарқұлов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы:
- Бизнеске арналған мейлінше ыңғайлы механизм жасалып, жетілдірілді. Аталған бағдарлама осы айдың соңына дейін іске қосылады. Қолдау шараларына өтінім басталғаны жөніндегі хабарламаны баспасөз құралдары арқылы хабарлаймыз.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ