2018-ші жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кедендік кодексі күшіне енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2018-ші жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кедендік кодексі күшіне енеді

13.10.2017

Қазір ол құжатқа одаққа мүше елдердің барлығы дайын. Мемлекет басшыларының Сочидегі кездесуінде талқыланған басты тақырыптың бірі - осы. Президенттер саммитінің қорытындысы жөнінде баспасөз мәслихатын өткізген Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Татьяна Валовая осылай деді. Президенттер бекіткен тағы бір маңызды мәселе - Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі цифрлы экономикаға көшудің негізгі бағыттары. Министрдің айтуынша, енді тараптар бұл мәселеде бірлесе қимылдаса, процесс барынша тиімді іске асады.

Татьяна Валовая, Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі:

- Егер де қандай да бір цифрлы технологияны енгізетін болсақ, оны бірнеше маман бірлесіп қолға алуы керек. Бұл саладағы стандарттар, реттеулер де Еуразиялық одақ елдеріне ортақ болғаны жөн. Мұндай қадамнан қарапайым тұтынушылар да, бизнесмендер де ұтады. Себебі, сауда-саттық саласындағы бірқатар шешімдерді қабылдау, келешекте цифрлы экономиканың арқасында арзандау болады.  

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу