Астанада  «Жас шебер»  үйірмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада  «Жас шебер»  үйірмесі ашылды

13.10.2017

Мақсат – Балалар үйінің жеткіншектеріне тұрмыстық техника қалдықтарын қайта өңдеу жұмыстарын үйрету. Аталмыш жоба «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің бастамасымен қаламызда алғаш рет қолға алынды. Сарапшылардың  пікірінше, жылына 5-6 миллион тонна техникалық қалдық қоқысқа тасталады. Енді балалар үйінің тәрбиеленушілері қолданыстан шыққан техниканы қайта өңдеп, «жасыл» экономиканың дамуына өз үлестерін қоса алады.

Мұхтар Манкеев, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық кеңесінің мүшесі:

 - Электроника, жұмыс жасамай қалған техника болады, оның бәрін біздер барып қоқысқа тастаймыз. Бірақ, оның 70-80 пайызын біздер қайтадан жөндеп, қайтадан екінші өмір беруге дайынбыз.

Жасап болғаннан кейін сол балалар өздері сол техникаларды қолдана алады деп жоспарлап отырмыз.

Раушан САЙЛАУ

Хабарламаларға жазылу